Өткен жылдың ақпанында ZIMA түнгі клубы «Гастроцентр» ғимаратының тұтас бірінші қабатын сатып алған (екінші қабатта Салтанат Нүкенова қаза тапқан мейрамхана орналасқан).
Араға уақыт салып, клуб қонақ қабылдай бастады. Сол кезде қанды оқиғадан кейін Бишімбаевтар отбасы кешенді басқарудан кеткені хабарланған. Бірақ соған қарамастан, мекемеге қатысты әлеуметтік желідегі сын басылмады. Жаңа иелер мен әкімшілік жұрттан түсіністік танытуды сұрап, экс-экономика министрінің орталыққа қатысы жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеді.
Алайда, ықпалдың ізі қалған сияқты.
Жақында ZIMA клубының өкілдері Қуандық Бишімбаевтың әпкесі ескертусіз ғимаратқа кіріп, жарықты сөндіріп, әрі «Гастроцентр» әкімшілігі арқылы қосымша келісім енгізуді талап еткенін айтты. Бұл келісім бойынша клуб желтоқсан айында ғимараттан кетуі тиіс.
«Егер құрылтайшылар шынымен кеткен болса, олардың жақын туыстары неліктен кешеннің ішкі жұмысына араласа береді? „Гастроцентр“ әкімшілігі жалға алушылар мен жұртты басқару құрамының шынайы жай-күйі туралы жаңылыстырғаны ма?» — деп жазды клуб өкілдері әлеуметтік желіде.
«Гастроцентр» аумағында бірнеше орын бар. Салтанат қаза тапқанға дейін кешен Қуандық Бишімбаевтың анасына тиесілі болған. Қазір ғимаратқа шетелдік ие.