Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Су тасқынында 8 мың спорт саласының өкілі көмектесіпті

Өңірден 90 текше метр тұрмыстық қоқыс шығарылды

Су тасқынында 8 мың спорт саласының өкілі көмектесіпті
Фото: Kazinform

Өткен апталарда Астана маңындағы дәлірек айтсақ, Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан туризм және спорт министрінің фотосы әлеуметтік желіде талқыланған еді.

Осыған орай, newsroom.kz порталы аталмыш министрлікке сұрау салған болатын. Министрліктің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, ведомства мен оған бағынысты ұйымдардың 300-ден астам қызметкері, «Дала қырандары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, спортшылар, туризм саласының өкілдері жергілікті тұрғындармен бірлесіп өзен жағасын нығайту, бөгеттер салу және ауылдың негізгі көшелеріне тазалық жұмыстарын жүргізіпті. 

Сенбілікке 2 жүк тиегіш, 3 самосвал көлігі шығыпты. Сондай-ақ, ауылдан 90 текше метр тұрмыстық қоқыс шығарылған. Ұзындығы 2 шақырымға жететін 5 мыңнан астам қап төселген. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Министрдің орынбасарлары Ержан Еркінбаев және Серік Жарасбаев, сондай-ақ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов, Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Нұртас Кәріпбаевтар қатысыпты.
Жалпы су тасқынына қарсы күрес жұмыстарына спорт саласының 8 мыңнан астам өкілі шығыпты. Бүгінде спортшылар «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігімен бірге Петропавл және Орал қалаларының тұрғындарына көмектесіп жатыр екен. 18 сәуір күні Министрдің екі орынбасары С.М. Жарасбаев (СҚО) және М.Қ. Төлебаев (БҚО) қолдау мен көмек көрсету үшін өңірлеріне барып келіпті.