Синоптиктер Қазақстан қалаларына ауа райына байланысты ескерту жасады

23 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Фото: akvo.com.ua

Қазгидромет Алматы, Астана және тағы бір қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"2024 жылғы 23 сәуірде Алматы, Астана қалаларында, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

Жүктелуде...