Бишімбаев ісі: елордадағы сотқа Собчак келіпті

Оның командасы бұл іс туралы сюжет түсіреді екен

Фото: Qaz.365.kz

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгін түстен кейінгі сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак келді, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы ztb_media-ға сілтеме жасап.

Оның командасы бұл іс туралы сюжет түсіреді екен.  Айта кетейік,  Ксения Собчактың «Осторожно, новости», «Осторожно, Собчак» атты авторлық жобалары, instagram желісінде 10 миллионға жуық оқырманы, «Кровавая барыня» атты Telegram арнасы бар.

Жүктелуде...