weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркия қашан? Тәжікстан елімізге 61 вагон гумкөмек жіберіпті

Тәжікстан Қазақстан халқына 61 вагон гуманитарлық көмек жіберді

Түркия қашан? Тәжікстан елімізге 61 вагон гумкөмек жіберіпті
Фото: Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі

Тәжікстан Республикасынан су тасқыны салдарынан төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан халқына 61 вагон гуманитарлық көмек келді. Аталған жүк Түркістан  облысы,  Сарыағаш ауданының «Сарыағаш» темір жол станциясына келіп жетті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы  El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сонымен бірге Тәжікстаннан 15 жүк көлігіне тиелген көмек те елімізге жеткізілді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Тәжікстаннан жалпы 3500 тонна гуманитарлық көмек қабылданды. 

Гуманитарлық көмекті Тәжікстан Республикасының Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы, милиция генерал - полковнигі Рустам Назарзода бастап келді.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→