Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Найзағай, жаңбыр, жел: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

22-24 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Найзағай, жаңбыр, жел: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: gov.kz

Синоптиктер еліміздегі өңірлердегі ауа райына байланысты ескерту жасады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы. 
 

Жамбыл облысы - 2024 жылы 23-26 сәуір аралығында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көлбеу ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Синоптиктер автожолдарды, елді мекендерді және шаруашылық құрылыстарды су басуы мүмкін екенін ескертті.

Қарағанды облысы - найзағай күтіледі.

Ұлытау облысы - жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Павлодар облысы - найзағай мен желдің екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтіледі.

Ақмола облысы - найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысы - найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында шаңды дауыл болады.

Шығыс Қазақстан облысы - найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы - найзағай күтіледі. 

Абай облысы - найзағай күтіледі. 

Қызылорда облысы - дауыл күтіледі. Облыстың орталығында шаңды дауыл болады.

Солтүстік Қазақстан облысы - екпіні секундына 15-20 метр болатын жел күтіледі.

Түркістан облысы - таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, дауыл күтіледі.

Астана - найзағай күтіледі.