Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түркістан облысының ескекшілері 4 медаль мен 1 олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Жарысқа Азия құрлығының 18 елінен екі жүзден астам мықты спортшы қатысты

Түркістан облысының  ескекшілері 4 медаль мен 1 олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жапонияның Токио қаласында байдарка мен каноэде есуден лицензиялық Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі сында Түркістан облысының ескекшілері сенімді ақтады. Жарысқа Азия құрлығының 18 елінен екі жүзден астам мықты спортшы қатысты,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының атынан он үш спортшы қатысса, оның төртеуі Түркістан облысының өкілдері болды. Су спорты түрлері мектебі мен Жоғары спорт шеберлігі мектебінің өрендері жарыста төрт медаль мен бір Олимпиада лицензиясын жеңіп алды. 

500 метр қашықтықта жұптық сайыста Бекарыс Раматулла  алтын медаль мен Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.

Әйелдер арасында 200 метр қашықтыққа каноэда есуден Ульяна Киселева күміс жүлде алды. Аралас байдарка сайысында (микс) 500 метр қашықтықта Ольга Шмелева мен Артем Терещенко күміс жүлде еншіледі.  Әйелдер арасында 500 метр қашықтықта екілік байдарка жарысында Ольга Шмелева қола жүлдегер атанды.