Әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 40 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек пен қажетті арнайы техникалар жіберген болатын

Фото: Massaget

Қазақмыс, KAZ Minerals, АлтынАлмас, Қаражыра және RBK Bank компаниялар тобы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсету үшін қосымша 40 миллиард теңге аударады,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Бөлінген қаражат инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге және әлеуметтік нысандарды: балабақшаларды, мектептерді, ауруханаларды, сондай-ақ тұрғын үйлерді салуға жұмсалатын болады.

Компаниялардың Директорлар кеңесі:
- Ел мұндай қиын жағдайды көптен бері көрмеді. Бұл еліміз үшін ауыр сынақ болуда. Біз су тасқынына жалғыз қарсы тұру мүмкін емес екенін түсінеміз. Сондықтан су тасқынына қарсы күреске барлығымыз күш саламыз. Біз әлеуметтік бағдарланған компаниялар ретінде қиын сәтте шетте қала алмаймыз. Барлық зардап шеккен тұрғындар жақын арада үйлеріне оралады деп сенеміз.

Сонымен қатар, бұған дейін «Қазақмыс  корпорациясы» ЖШС Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек пен қажетті арнайы техникалар жіберген болатын.

Сондай-ақ, Kaz Minerals Тобы мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында су басқан өңірлерінде апаттың салдарын жою үшін 800 миллион теңге аударған.

Жүктелуде...