Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 сәуір, 2024 / Рысжан Амантай / Қылмыс

Түркістан облысында әйелі 30 жыл отасқан жұбайын өлтірді деген күдікке ілінді

Күдікті мен марқұмның артында 4 баласы қалыпты

Түркістан облысында әйелі 30 жыл отасқан жұбайын өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: azattyq.org

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында 49 жастағы әйел 30 жыл отасқан күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы. Сайрам аудандық соты “Адам өлтіру” бабымен үстінен іс қозғалған оны 2 айға қамауға санкция берді.

Оқиға 12 сәуір күні болған. Марқұмның інісінің Азаттық радиосына айтуынша, жеңгесі ағасын "қылқындырып өлтірген".

Күдікті мен марқұмның кәмелет жасына толған ортақ 4 баласы бар.

"Әкем ішімдік ішетін. Анамды ұрып-соғатын. Талай рет үйден қашып, далада түнедік. Анамның кінәсі жоқ" дейді төрт баланың тұңғышы Азаттыққа.

Қарамұрт ауылының учаскелік полицейі марқұмның ішімдік ішкенін, отбасылық жанжал мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан күдікті 2019 жылы "полиция қамқорлығына алынғанын" айтады. 2023 жылдан бері әйелі күйеуінің үстінен қандай да бір шағым түсірмеген.

16 сәуір күні Сайрам аудандық соты Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабымен күдікке ілінген әйелді 2 айға қамауға санкция берген. Сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалы басталған.

2023 жылы Түркістан облысы Сарыағаш ауданында "зорлық-зомбылық көрдім" деген әйел 14 жыл бірге тұрған күйеуін пышақтап өлтіріп, бөлшектеп өзенге ағызып жіберген. Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты оны 15 жыл бас бостандығынан айырған. Сотталушы мен марқұмның ортақ 3 баласы бар. Кәмелет жасқа толмаған балаларды мемлекет уақытша қамқорлыққа алған. Балаларды кімнің қамқорлығына берілетінін сот шешеді