Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес 19 сәуір сағат 8-дегі жағдайды жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың түсуі есебінен Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 560 см, су деңгейі +5 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 337 см құрайды.
Махамбет кентінің деңгейі 688 см., су деңгейі + 9 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу деңгейі 371 см құрайды.
Атырау қаласында гидропосттағы су деңгейі 399 см, тәулігіне + 3 см деңгейге дейін көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы су көтерілуі 208 см құрайды.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
"19 сәуірде Иректі су қоймасынан ағын 422 м3/с құрайды, су жіберу деңгейі 345 м3/с құрайды" делінген хабарламада.