Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түркияда тағы да жер сілкініпті

Сілкіністің салдары туралы деректер тіркелмеді

Түркияда тағы да жер сілкініпті
Фото: Ahmet Akpolat / dia images / Getty Images

Түркияның орталығындағы Токат провинциясында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің ТЖД ақпаратына сәйкес, жер асты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 20:11-де тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Сұлусарай елді мекенінің маңында 5 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісі көршілес аудандарда, соның ішінде Самсун, Кайсери және Сивас қалаларында да сезілген.

Жер сілкінісінің салдары туралы әлі деректер тіркелген жоқ.