Қазақстанда су тасқыны кезінде жүздеген үй толықтай қираған

Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 800 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды

Фото: ҚР ТЖМ

ТЖМ өкілдері қазіргі уақытта қай өңірлерде су тасқыны қаупі сақталып отырғанын айтып, есеп берді,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы ведомство сайтына сілтеме жасап.

"Жедел шаралардың арқасында ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен жануарларды эвакуациялау алдын ала жүргізілді. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 800 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды. Жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 19 071 адам өз үйлеріне оралды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды", - делінген министрлік ақпаратында. 8 914 адам, оның ішінде 4 019 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 237 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,2 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. 

Жүктелуде...