Астанада адам саудасымен айналысқан шетелдік ұсталды

Ол 10 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған

Фото: Halyk Uni

Астана полицейлері 10 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Newsroom.kz

"Бөгет" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.

"Өзбекстан Республикасының 42 жастағы азаматы 10 жыл бойы адам саудасы үшін іздеуде болған. Қылмыскерді іздестіру бастамашысы Ташкент облысы ІІБ. Экстрадициялау мәселесі шешілуде", – делінген полиция хабарламасында.

Жүктелуде...