Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 сәуір, 2024 / Рысжан Амантай / Қылмыс

Ақтауда бес баланың әкесі эпилепсиямен ауыратын туған қызын зорлапты

Қыздың әкесі қамауға алынды

Ақтауда бес баланың әкесі эпилепсиямен ауыратын туған қызын зорлапты
Фото: azattyq-ruhy.kz

"Не молчи" қорының негізін қалаушы, қоғам белсендісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында Ақтауда әкесі туған қызын өлтіріп, кейін ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Біз бұл істі ата-анасы жария еткісі келмегендіктен жарияламадық. Бірақ жағдай бақылаудан шығып кетті. Зорлаушы ер адам 5 баланың әкесі. Біз мән-жайды егжей-тегжейлі біліп, қыздың куәлігін оқығанда, шашымыз тік тұрды. Қыз эпилепсиямен ауырғанына қарамастан бірнеше зорлық-зомбылық эпизоды болған. Қыздың туыстары мен ата-анасының арқасында сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қазірдің өзінде бірнеше сот отырыстары өтті. Сот отырысында күдіктінің адвокаты Қалмұхашев Серікбол қыздың анасын ата-ана құқығынан айырамын деп қорқытқан. Адвокат секілді күдіктінің өзі де зорлық-зомбылық туралы ешкімге айтпау үшін қызды бопсалаған", –деді Дина Таңсәрі телеграмдағы мәлімдемесінде.

Зорлаушының сөзінше, бұл іске қыздың туған анасы кінәлі екен.

"Айыптау қорытындысында істің барлық мән-жайы ер адамның зорлық-зомбылық әрекеттеріне ғана негізделген. Ол оны зорлады! Оның ішінде қызды оральды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Растау бар: биоматериалдар жиналды. Зорлаушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді қоғам белсендісі.