Ақтауда 14 шағын ауданда 16 сәуір күні түнде кісі өлімі орын алды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы lada.kz-ке сілтеме жасап.
Өрт болған үйге шақыруға келген төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күйген пәтерден әйелдің мәйітін тапты.
Адамдардың айтуынша, қайтыс болған адамның аты Парахат болған. 1972 жылы туған әйел тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында 14 шағын ауданда тұрды. Көршілерінің болжауынша, оның бірге тұратын адамы түрмеде отырып шыққан адам болған.
"Біз бәріміз таңғы сағат бестен он минут кеткенде сыртқа шықтық. Бұл кезде полиция да, өрт сөндірушілер де келді. Құтқарушыларды көршісі шақырды. Менің білуімше, оны өлтірген адамды полиция 9-қабатта ұстады", - дейді марқұмның көршілерінің бірі.
Үй тұрғындарының айтуынша, әйелді пышақтап, содан кейін пәтерді өртеуге тырысқан.
"Өрт сөндірушілер тез келіп, сөндірді. Мен кездейсоқ полицейдің түсірген суретін көрдім: ол жерде жалаңаш еденде, төмен қаратып, дәлізде жатыр. Қорқынышты. Өте қорқынышты", - деді көршілердің бірі өткен түннің әсерімен бөлісті.
Полиция департаменті жағдайға егжей-тегжейлі түсініктеме берді.
"Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді",-деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.