weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«2-3 күнде судың мол көлемі келеді» Орал әкімі суға қатысты мәлімдеме жасады

Миржан Сатқанов мәлімдеме жасады

«2-3 күнде судың мол көлемі келеді» Орал әкімі суға қатысты мәлімдеме жасады
Коллаж: newsroom.kz

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов саяжайда тұратын тұрғындарын шұғыл эвакуациялауға шақырды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"Оралдықтар, баршаңызға белгілі қалада Жайық өзенінің өсуі күрделі жағдай алып отыр. Мамандардың айтуынша, Ресейден судың мол көлемі 2-3 күнде Оралға жетеді. Қауіпті деңгей - 8,5 метр болса, қазір Жайықтың деңгейі 8 метрге жақындады. Су тасқынына орай, жергілікті атқарушы органның және ТЖД-ның барлық ресурсы тартылды. Қазіргі уақытта 350 арнайы техника 2000-ға жуық адам жұмылдырылды. Сондай-ақ өзге өңірлерден, облысымыздың аудандарынан келген әскери қызметшілер және еріктілер бұл іске белсене атсалысып жатыр. Ең бастысы азаматтарымыздың амандығы. Сондықтан Жайық жайылымындағы елді мекендеріне саяжайларына су басу қаупі мүмкін. Әсіресе, Куриный, Старица, Коминтерн аудандарының халқын эвакуациялауымыз қажет. Өзіңіздің және жақын адамдарыңыздың өміріне қауіп төндірмей шұғыл ағайын-бауырларыңыздың үйіне орналастырыңыз. Уақытша баратын жеріңіз болмаса, Оралымызда эвакуациялық орталық жұмыс істеп тұр",- деп айтты әкім.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→