Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Иманды болсын! Құлсарыда ер адамның денесі табылды

Іздестіру жұмыстарына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылған

Иманды болсын! Құлсарыда ер адамның денесі табылды
Фото: Атырау облысы ТЖД

2024 жылғы 14 сәуірде, таңғы сағат 9 шамасында ТЖД күштерімен және тұрғындардың көмегімен Құлсарыда ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Еске салсақ, 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 ж.т. әкесі 2000 ж.т. баласымен рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді қарау үшін барып, кейін эвакуациялық пунктке кері оралмаған. Сол уақыттан бастап құтқарушылар Іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, іздестіру жұмыстарына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылды. 

2000 жылы туылған жасөспірім әлі табылмады. Құтқарушылар Іздестіру жұмыстарын жалғастырауда. 

Атырау облысы ТЖД азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады