Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру жұмысын жалғастыруда,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы ҚР Денсаулық сақту министрлігіне сілтеме жасап.
Еліміздің санаторийлік-курорттық ұйымдары да жайбарақат қалмауда.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ қатысуымен көмек шеңберінде зардап шеккендерді тегін қабылдайтын 16 санаторийлік-курорттық ұйым айқындалды. Оның 12-сі Түркістан облысында орналасқан. Сондай-ақ, зардап шеккендерді қабылдауға дайындық туралы Бурабай, Семей, Алматы және Ақтөбе облыстарының Алға кентіндегі санаторийлер мәлімдеді.
Жалпы алғанда, бұл нысандар бір мезгілде 190 адамды қабылдай алады, оңалту курсы 10-нан 14 күнге дейін болады, бұл зардап шеккендерді мүмкіндігінше санаторийлік емдеумен қамтуға мүмкіндік береді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ жергілікті атқарушы органдарға санаторийлерде дереу орналастыру қажет адамдардың тізімін ұсыну қажеттігі туралы хабарлады.
Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына, соның ішінде балаларға қажетті медициналық көмек және психологиялық оңалту көрсетіледі.