Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Құлсары қаласындағы өмір тасқыннан кейін қалпына келе бастады

Жем өзені арнасына түсе бастапты

Құлсары қаласындағы өмір тасқыннан кейін қалпына келе бастады
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Су тасқынынан кейін Құлсарыдағы өмір біртіндеп қалыпқа келе басталды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Қалалық азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер, сондай-ақ қоғамдық көліктер өз қызметін қайта бастады.
Екі күн ішінде автобустар жолаушыларға өз қызметтерін тегін көрсетеді. Қаланың барлық жерінде коммуналдық инфрақұрылым қосылуда.

Сонымен қатар құзырлы органдар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесін қарастыруда.

⁃ Қазіргі уақытта жедел штаб су тасқыны кезінде су басқан аумақтарды құрғатумен айналысуда. Заң бойынша, табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан азааттарға келтірілген шығынды өтеу мақсатында арнайы комиссия құрылады, - деп хабарлады Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова.

Айта кетейік, Ұлы Жем өзені өз арнасына түсе бастады.