Синоптиктер Қазақстан қалаларына қолайсыз ауа райы жайлы ескертті

Ауаның ластануы күтілуде

Фото: Казтаг

"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларына ауа райына байланысты ескерту жасады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"2024 жылы 12 сәуірге қараған түні Астана және Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

 

Сонымен қатар синоптиктер 12 сәуірде Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын да ұсынды.

"Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатына әсер етеді. Жаңбыр жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында - қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыста, республиканың орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Қазақстан бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай, оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл болады", - деді метеорологтар.

Жүктелуде...