Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

3-5 күнде Ресейден Қазақстанға қарай су ағады

Ендігі басты қауіп – Орынборға жайылған Жайық өзені

3-5 күнде Ресейден Қазақстанға қарай су ағады
Фото: ForumDaily

Қазгидромет тағы су тасқыны қаупі бар екенін ескертті. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанға Ресейден үш-бес күнде су келеді,- деп хабарлайды Newsroom.kz

Ендігі басты қауіп – Орынборға жайылған Жайық өзені. Мамандардың айтуынша, көрші елдегі су төмен қарай ағып, Батыс Қазақстанға қарай жылжиды. Ал су қоймасындағы су деңгейінің көтерілуі жергілікті халыққа қауіп төндіреді екен.

“Мысалы Ақмола облысындағы Есіл өзенінің суы қазір Солтүстік Қазақстан облысының аумағы арқылы ағып жатыр. Қостанай облысында да солай. Осы судың барлығы төмен қарай жылжиды, енді Қостанай облысының солтүстік бөліктерін су басу қаупі бар. Жайық өзенінде де солай”, – деді "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг басқармасының бастығы Бауыржан Жекіжанов.

Сонымен қатар "Қазгидромет" бірқатар өңірлерде тауларды әлі де қар басып жатқанын хабарлады. Күннің кенеттен жылуы, қатты жауын-шашын елде қардың еруіне және жаңбыр суы тасқынының пайда болуына түрткі болуы мүмкін. Сондай-ақ алдағы күндері Қазақстанда жауын-шашын нормадан артық жауады деген болжам бар. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр жауып, қарға айналады.