Серік Шәпкенов: «Бағаны шектен тыс өсірмеу керек»

Бағаны шектен тыс өсірмеу керек,-деді ол

Фото: Zharar.kz

 

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабта өткен брифинг барысында дүкендер мен сауда орындарындағы бағалардың әдейі көтерілуі туралы ақпаратты жоққа шығарды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

«Бағаны шектен тыс өсірмеу керек. Қалаға жеткілікті мөлшерде тауарлар жеткізіліп отыр, ешқандай проблема жоқ. Рас, Құлсарыға жеткізуде қиындықтар бар, соған байланысты біз теміржол арқылы жеткізуді ұйымдастырдық. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек әкелініп жатыр. Тағы бір мәселе – кейбір тауарлар мен дәрі-дәрмектер су астында қалуы мүмкін. Бірақ бұл тек Құлсарыда. Қалған елді мекендерде бәрі жақсы болуы керек», - деді Серік Жамбылұлы.

Жүктелуде...