Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түркістанда елді мекен диқандарының ағын су мәселесі шешілді

Шаруларға су беріліп, мәселе шешілді

Түркістанда елді мекен диқандарының ағын су мәселесі шешілді
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

СТК (Северный Ташкентский Канал) Өзбекстан Республикасы аумағынан бастау алады. СТК каналы Өзбекстан Республикасы теңгерімінде. Қазақстан Республикасы аумағынан 19,2 шақырымы ағып өтеді. Келес ауданының Жүзімдік, Бірлесу және Ақтөбе ауылдық округтерінің жалпы 2922 гектар егіндік жерлерін сумен қамтиды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Жүзімдік ауылдық округі аумағынан өтетін СТК каналындағы тоспалы су құрылымында (сарқырама) биыл 9 наурызда апатты жағдай болды. Жөндеу және құрылыс жұмыстары қолға алынды. Өзбекстан Республикасының «Боз-су» ирригация мекемесімен бірлесіп, биылғы жылдың  31 наурызында құрылыс жұмыстары басталып, 2 сәуір күні толық аяқталған. Жөндеу-құрылыс жұмыстарында құйылған бетон қаптамалары ағын су өткізуге 2024 жылдың 5 сәуір күні толық дайын болды. Шаруларға су беріліп, мәселе шешілді. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі