Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алдағы күндері Қазақстанда күн суытып, қатты жаңбыр жауады

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Алдағы күндері Қазақстанда күн суытып, қатты жаңбыр жауады
Фото: pixabay

Қазақстандық синоптиктер 2024 жылдың 6 сәуірі мен 8 сәуірі аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Еліміздің басым бөлігінде, атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа-райы күтіледі, жаңбыр жауады, 06-08 сәуірде түнгі уақытта солтүстік-батыста, 08 сәуірде солтүстікте жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жауып, жел күшейеді." "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

6 сәуірде Батыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында, 6-7 сәуірде Алматы облысында, 8 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында қатты жаңбыр болжануда.