Алматыда 15 жасар қыз 5 айдан бері іздестіріліп жатыр

Үйінен шыққан қыз қайтып оралмаған

Фото: sputnik

Алматыда із-түзсіз жоғалған 15 жастағы қыз бес айдан бері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

2009 жылы туған Коваленко Валерия Денисовна 2023 жылдың 24 қарашасында жоғалып кеткен. Сағат 23:00 шамасында Іле ауданы, Боралдай ауылы, Әзірбаева көшесі, 102 үй мекенжайындағы үйден шығып кеткен

Бойы 150 сантиметр, арық денелі, шашы қоңыр, иығы ұзын, көзі қоңыр. Ол жоғалған күні қара күрте мен қара шалбар киіп жүрген.

Қыздың Алматыда екені хабарланды.

"Егер қыздың қайда екені туралы ақпарат болса немесе оны көрген болсаңыз, бізге телефон/WhatsApp +7701 3759291, +7705 1053131 немесе "102" нөміріне хабарласыңыз", - делінген хабарламада.

 

Жүктелуде...