Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бельгиялық қазақ Жәнібек асырап алған анасын көрсетті

Валери неге қазақ баласын асырап алған?

Бельгиялық қазақ Жәнібек асырап алған анасын көрсетті
Фото: Newsroom.kz

Шетел асып анасын іздеп келген Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында асырап алған анасын көрсетті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Жәнібекті асырап алған әйелдің есімі Валери екен.

Құрметті әкелер, аналар, аға-әпкелер! Бұл мені асырап алған анам Валери. Ол маған Испанияға Бельгиядан қонаққа келді. Валери мені асырап алу үшін 2004 жылы Қазақстанның Арқалық қаласына келген. Сіздерде көптеген сұрақтың барын сеземін. Пікір алаңына сұрақтарыңызды қойыңыз, Валери оларға жауап бере алады деп ойлаймын.

«Валери неге бала асырап алды? Неліктен Валери баланы Қазақстаннан асырап алғысы келді?» деген сынды сұрақтар сіздерді де толғандыратын болар?.. – деп жазды Жәнібек.