Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бишімбаев сотта телефонының құпия сөзін бермеген

Бишімбаевтан жауап алу кезінде прокурор одан неліктен телефонының құпия сөзін бермегенін сұрады

Бишімбаев сотта телефонының құпия сөзін бермеген
Фото: jogargy_sot

Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр. Қуандық Бишімбаев сотта жауап беруін жалғастырды, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы  KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Бишімбаевтан жауап алу кезінде прокурор одан неліктен телефонының құпия сөзін бермегенін сұрады.

"Ол жерде біздің жеке видеоларымыз бар. Қызметкерлеріңіз оларды интернетте таратпайды деп кепілдік бере алмайсыз. Мен біздің видеоларымыздың интернетте жүргенін қаламаймын", - деді Бишімбаев.

Сондай-ақ сотталушы Нүкеновамен телефон арқылы жазысқан хаттары барын, бірақ қай уақыттан бастап бар екені есінде жоқ екенін айтты. Айтуынша, олар ажырасқаннан кейін Салтанатпен алмасқан хабарламаларын өшіріп тастаған. Бұдан кейін прокурор Бишімбаевтан сотта қарау үшін телефонның құпия сөзін айтуға дайынсыз ба деп сұрады, сотталушы: "Иә, дайынмын" деп жауап берді. Бұған дейін сот отырысында Салтанат Нүкенованың телефоныны зерттелді. Оның ішінде марқұмның смартфонындағы жазбалар да бар. Сол жерде Салтанат Бишімбаевқа: "Сен опасыздығың үшін кешірім де сұрамадың, ештеңе істемедің де, бәріне мені кінәлап, психотерапевтке қарал деп талап етесің" деп жазған.