ҚМГ былтыр «West Oil Software» ЖШС жұмысшыларының еңбек жағдайын жақсартып, мекеме техникасын жаңарту бойынша арнайы бағдарлама қабылдаған болатын. Оған сәйкес 3 жылдың ішінде барлығы 202 техника бірлігі жаңарады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Жақында компанияның арнайы техника паркі жаңа техникамен толықты. 2023 жылы келген жаңа 17 көлікке қосымша биыл наурыз-сәуір айларында сегіз жаңа автоцистерна (АЦВ-12) арнайы техникасы қосылды. Ай соңына дейін осындай тағы 6 автоцистерна (АЦВ-12) келеді деп күтілуде.
Бұл көлік құралдары «Ойл Транспорт Корпорейшэн» компаниясынан WOS мекемесіне сенімгерлік басқаруға берілетін болады. Биыл барлығы 70 арнайы техниканы жаңарту жоспарда.