weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
2 сәуір, 2024 / Рысжан Амантай / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Айканың тізімі»: Істі Антикор қарап жатыр

Таралудың мән-жайы анықталып жатыр

«Айканың тізімі»: Істі Антикор қарап жатыр
Фото: nur.kz

Желіде тараған "Айканың тізімі" бойынша іс Антикорға берілді, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 423-бабы "Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария ету" бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жүргізіліп жатқан тергеу шаралары аясында әлеуметтік желілерде жеке деректер туралы ақпараттың шығуы, сенімділігі мен таралуының мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ІІМ.

Осыған байланысты ІІМ Өзіндік қауіпсіздік басқармасы соңғы процессуалдық шешім қабылданғанға дейін қызметтік тергеуді уақытша тоқтатқаны айтылды.