Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Синоптиктер қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасады

2 сәуірде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасады
Фото: admin-gorlovka

"Қазгидромет" РМК Қазақстан тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"2024 жылғы 2 сәуірде Ақтөбе, Орал, Алматы қалаларында, түнде Астана мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату