Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

1 сәуірде ауа райы қандай болады?

Фото: onnews.kz

Қазгидромет РМК Алматы, Астана және тағы үш қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды newsroom.kz.

"2024 жылғы 1 сәуірде түнде Атырау, Ақтөбе, Орал, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

 

Жүктелуде...