Қызыл судың зардабы адамдар тұрмақ жануарларға да ауыр тиді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Қарағанды облысында күшігін құтқаруға асыққан ит жұрттың жүрегін елжіретті. Видеода су басқан қорада қалып қойған күшікті енесі сабылып іздеп жатқанын, тапқан соң, тістеп алып қауіпсіз жерге асыққанын көруге болады.
Сондай-ақ, бүгін Мәжілісте «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы заң жобасы келіп түсті. Құжатта үйде ит пен мысық асырап отырған адамдар олардан бас тарта алмайтындығы жазылған.