ТЖ мен бір көзден сатып алу: журналист тасқын туралы ескерткен бе?

Осы тасқынның болатынын айтып Кирилл Павлов деген чуваш бір ай бұрын қақсады,-деді ол

Фото: egemen.kz

Осы тасқынның болатынын айтып Кирилл Павлов деген чуваш бір ай бұрын қақсады.  Қақсағанда да әр облыстың, әр ауданның картасын  көрсетіп, датасына дейін айтып "мына тұстарда ерекше қарғын су болады, жергілікті әкімшілік қамсыз болмасын" деп нақты, нақты айтты деп жазған еді журналист Facebook парақшасында деп хабарлайды Newsroom.kz

" Бізде мүмкіндіктің бәрі бар, мамандар да жеткілікті, тек істеп тастайтын ниет жоқ!!!

Әр көктемде осылай суға кетеміз. Ал, жазда "су жоқ, су жетпей жатыр" деп жылаймыз. 

Судың қадірін білетін елдер, су жетпейтін елдер көктен түсетін ылғалдың бәрін қағып ап, сақтап, бөліп беріп отыр еліне. Суға жақын, қарғынға кетуі мүмкін елді мекендерді биік дуалмен қоршау, ағыс жолдарын зерттеп ауылға соқпайтындау қам жасау, сосын үлкен көлемдегі суды жинай алатын қоймалар жасау қиын да, қымбат та емес!  Бір ғана Ертістің өзіне 23 - 25 миллиард текше метр суды ағызып жібереміз. Ал, осы сумен қаншама гектар ауылшаруашылық жерін суландыруға болар еді?!

Біз "аш құлақтан тыныш құлақ" деп құтылғанға мәзбіз, ағызып жіберіп қарап отырамыз.  Үйткені, біз әлі судың қадірін ұқпаймыз! Бағасын білмейміз! Төтенше жағдай кезінде бір көзден сатып алуға мүмкіндік беріледі. Ал, бұл өңірлер үшін нағыз ақша жасап қалатын майшелпектің кезі, бұл бір! Екіншіден, жыл сайын тасқыннан соң миллиардтаған теңге бөлініп зардаптарды жоюға жұмсалады. Сол қаражатты мақсатына пайдаланып, қалтаға баспай, өзара бөлмей келесі жылы болуы мүмкін тасқынға дайындалатын басшылар бізде жоқ!" деді Кирекең! Сойып салған ғой. Дәл айтқан ғой. Ішінде жүр, кімнің қалай жасап, кімнің қалай асап жатқанын білетін жігіт қой Кирилл,-деп  жазды Алмас Алтай

Жүктелуде...