Темір ауданы бойынша су тасқыны келтірген материалдық шығын көлемін анықтау мақсатында арнайы комиссия жасақталды,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Асхат Шахаров су тасқыны жағдайы тіркелген Темір ауданының Шұбарқұдық ауылына барды. Өңір басшысы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, департамент басшысы Нұрғали Жүнісовпен бірге ауылды аралап, ахуалмен танысты.
Қазіргі уақытта ауылда су деңгейі түскенімен, жаңбыр жауып тұр. Аудандық су тасқынына қарсы штаб мәліметінше, 5үйге су кірген, 7 көшені және 34 ауланы су басқан.
Ахуалды тұрақтандыру үшін әскери қызметшілермен қосқанда, 200-ден астам адам мен 34 техника жұмыс істеп жатыр. Су айдау жұмысы мен ағыстың бағытын бұру, бөгеу ісі қарқынды.
Сондай-ақ, қосымша көмекке Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 52 қызметкері келді. 5 бірлік техника және 8 су соратын мотопомпа жеткізілді.
Өңір басшысы тұрғындармен кездескенде арнайы комиссия жұмыс істеп бастағанын, төтенше жағдай жарияланбаса да, үйлеріне зақым келген тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.