weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтөбе облысында қала әкімі өзіне қол жұмсап, көз жұмды

Ақтөбе облысындағы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өз-өзіне қол жұмсаған. Оның денесі үйінен табылды. Марқұм 46 жаста болған.

Ақтөбе облысында қала әкімі өзіне қол жұмсап, көз жұмды
Фото: gov.kz

Қайғылы оқиға 20 желтоқсан күні кешкі сағат тоғыздар шамасында белгілі болды. Ресми емес мәліметтерге сәйкес, сол күні әкім достарымен кездескен. Ақпаратты аудан әкімдігі растады.

Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықов:

«Дене үйінен табылды. Қазір жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Артында балалары қалды»,
— деп хабарлады.

Марқұмның екі некеден алты баласы бар екені айтылды.

Еркін Далмағамбетов Темір қаласының әкімі қызметіне былтыр маусым айында тағайындалған. Бұған дейін мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазымдарды атқарған.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі:

«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, тергеу жүргізілуде. Қосымша ақпарат жарияланбайды»,
— деп мәлімдеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→