Баян Мақсатқызы әйелдерге арналған оңалту орталығын ашып, марқұм енесінің атын берген

Бұл - менің күйеуімінің анасының аты. Мен ол кісінің бізге көктен қарап, біздің игі бастамамызға батасын беретініне сенемін,-деді ол

Фото: Instagram/ Bayanmaxatkyzy

Баян Мақсатқызы әйелдерге арналған оңалту орталығын ашты. Орталыққа "Күйеуімнің анасының атын бердік",-деді ол Instagram желісіндегі парақшасында,-деп хабарлайды Newsroom.kz

"Мен зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашуды жоспарлап жүргенімді айтқан болатынмын. Ол дайын болды. Жақын арадан орталық өз жұмысын бастайды. Қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық азаю үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Біз құтқару орталықтарын емес, бақыт үйлерін ашуымыз керек. Жүзге жуық әйелді қабылдайтын орталық үлкен, жарық әрі жайлы. Бізде жетекші мамандар психолог, заңгер, медицина қызметкерлері, тәрбиеші және оқытушылар жұмыс істейді. Барлық әйелді қалай құтқаруға болады? Ол мүмкін емес шығар. Мүмкін, бұл мәселеге қатысты қоғамның ойы мен көзқарасын өзгерткен дұрыс шығар. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ". Сондай-ақ,  "Оңалту орталығын Клара деп атадық. Бұл - менің күйеуімінің анасының аты. Мен ол кісінің бізге көктен қарап, біздің игі бастамамызға батасын беретініне сенемін",- деп жазды продюсер. 

 

 

 

Жүктелуде...