Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Экс-премьер бас қалаға әкім болуы мүмкін бе?

Дереккөз бұл ақпаратты тікелей Астана әкімдігінің өзінде растаған жоқ

Экс-премьер бас қалаға әкім болуы мүмкін бе?
Фото: КазТАГ

Қазақстанның бұрыңғы премьер-министрі Әлихан Смайылов Астана әкімі лауазымына кандидат ретінде қарастырылуда, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы ҚазТаг-қа сілтеме жасап.

Премьер-министр қызметінен кеткен Смайыловтың жаңа лауазымы елорда әкімі болуы мүмкін екендігі туралы ҚазТАГ редакциясына бірден бірнеше дереккөз, оның ішінде Үкіметтің өзінен хабарланды.

Сонымен қатар, дереккөз бұл ақпаратты тікелей Астана әкімдігінің өзінде растаған жоқ.

Смайылов 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың 5 ақпанына дейін премьер-министр қызметінде, оған дейін 2018 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың мамырына дейін Қаржы министрлігін басқарды, ал 2019 жылдың ақпанынан бастап министрлер кабинетінің басшысы болып тағайындалғанға дейін бірінші вице-премьер болды. Одан бұрын 2015 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың қыркүйегіне дейін Президенттің көмекшісі болды.