weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жамбыл облысында 48 бас мал өртеніп кетіпті

Өрт алаңы 220 шаршы метрді құраған

Жамбыл облысында 48 бас мал өртеніп кетіпті
Фото: ТЖМ

25 наурыздан 26-сына қараған түні Жамбыл облысының Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

ТЖМ мәліметінше, өрт алаңы 220 шаршы метрді құраған. Өрт кезінде 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы жанып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, өртке электр сымдарының қысқаша тұйықталуы себеп.

Өрт 50 минутта сөндірілген. Оқиға орнында 7 құтқарушы және 2 бірлік техника жұмыс істеді.

ТЖМ электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→