Белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызы Instagram парақшасында денсаулығы жайлы жазба жариялап, 7-ші отасы туралы айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Жазуынша ақынға 7 рет ота жасалған.
Алланың Құдіретінің шексіздігіне айқын көз жеткізген сынақ болды. 99/1 пайыз соңғы үмітпен жетінші рет ота жасалды. Төрт күн өту керек, сол уақыттан өтсек бәрі артта қалады деген еді дәрігер. Оны естіген достарым барлығына дайын болды. Мынау жарық дүниені менсіз елестете алмайтын жан досымның сағынып көріскен қуанышы, - дейді ақын.
Оқырманның 7-рет ота жасауға не себеп болды деген сұрағына ақын дәрігер қателігі деп жауап берді.
Иә, дәрігер қателігі болса да мен Алланың берген сынағы деп білемін. Қай дәрігер жаман ойлайды. Дәрігерімнің өзі таңғалды, - дейді ақын.