Белгілі ақын, асаба, Мәдениет саласының үздігі, көркем сөз оқу шебері Құрманай Бақтиярқызы ауруханаға түсіп, ауыр халде жатқаны айтылған еді. Ақын қазіргі жағдайы туралы әлеуметтік парақшасында айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Қазақ елінің барына, менімен ауырған жанына, маған дұға арнап атқызған таңына шексіз алғыс айтамын. Бүгін парақшамды қолыма алдым. Палатаға шыққалы біраз болса да, қолыма күш енді оралды. Әлсіздік болғанымен көңілім орнында. Алла разылығы үшін бәріңізді жақсы көрем, - деп жазды өнер иесі.
Айта кетейік, бір ай бұрын әнші Алтынай Жорабаева өзінің құрбысы, ақын Құрманай Бақтиярқызының ауыр халі туралы, отаны аман-есен өткергені туралы айтқан еді.