Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Еліміз бойынша 26 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміз бойынша 26 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: freepik

"Қазгидромет" РМК мамандары еліміз бойынша 26 наурызға арналған жалпы ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Newsroom.kz

Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Атмосферада фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, атап айтқанда, күн райы жауын-шашынды (негізінен жаңбыр түрінде) болады деп күтіледі. Батыс өңірде қатты жаңбыр жауады, тек еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР бойынша тұман көрініс табады, соққан желдің екпіні 15-25 м/с дейін жетеді, еліміздің оңтүстігінде қатты жел тұрып, найзағай ойнайды, ал солтүстік-батыста, шығыста көктайғақ болады деп болжанады".

"Қазгидромет" РМК