23 наурызда сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін "Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясына байланысты елордадағы кей нысандер мен тұрғын үйлерде бір сағатқа жарық өшіріледі. Бір сағат бойы жарық болмайтын ғимараттар тізімін елорда әкімдігі жариялады, деп хабарлайды Newsroom.kz
Әкімдік мәліметінше, 23 наурызда сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін "Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясы өтеді. Бұл күні әлемнің мыңдаған түрлі сәулет нысандары мен ғимараттарында жарық бір сағатқа өшіріледі. "Жер сағаты" науқаны кезінде WWF планетаның болашағына қамқорлық белгісі ретінде жарықтар мен тұрмыстық электр құрылғыларын бір сағатқа өшіруге шақырады. 2024 жылы Қазақстанда "Жер сағат"» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналған. "Біз Қазақстанның барлық тұрғынын саналы таңдау жасауға – қоршаған ортаға көмектесуге шақырамыз", - делінген хабарламада.