Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алматы облысында тас жолды су басыпты

Өңірдегі ауа-райы күрт жылынып, қардың тез еруі салдарынан жолды су басып қалған

Алматы облысында тас жолды су басыпты
Фото: ҚазАвтоЖол

Бір күн бұрын кешкі сағат тоғыздар шамасында Райымбек ауданының Қайнар және Текес ауылдарынан 60 шақырым жерде Кеген-Нарынқол тас жолында еріген қар суынан тасқын болды, деп хабарлайды Newsroom.kz

«ҚазАвтоЖол» компаниясының айтуынша Өңірдегі ауа-райы күрт жылынып, қардың тез еруі салдарынан жолды су басып қалған. Тас жолдың жалпы ұзындығы 80 метрдей болды. Көлік қозғалысына әзірге  ешқандай шектеу жоқ

Қазір су басқан аумаққа диаметрі бір метрге жуық су өткізгіш құбыр орнатылды. Ведомствоның мәліметінше, суды ағызып, жолды тазалап, уақытша жол белгілерін орнатуға 10 қызметкер мен үш техника жұмылдырылған. Тәулік бойы  мониторинг жүргізіледі.