Солтүстік Қазақстан облысында ауылдағы пәтер өртеніп, 68 жастағы қарияны мектеп оқушылары құтқарып қалды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы ТЖМ-не сілтеме жасап.
Министрліктің айтуынша, қарияны 16 және 17 жасар оқушылар құтқарған.
"Шағалалы ауылында көппәтерлі тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт болды. Өрт алаңы 1 шаршы метр. Өрт болған жерге өрт сөндірушілер келгенше, Чаглин орта мектебінің 16 және 17 жастағы екі оқушысы 68 жастағы азаматты құтқарды. Өрт жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандықтан шыққан", – деп хабарлады министрлік.