Нағыз ұрлық! Қуат Хамитов Қазақстандағы футболдың өлгенін айтты

Аралас жекпе-жек шебері еліміздегі футболдың мәселесі туралы айтты

Фото: инстаграм желісінен

Қуат Хамитов Қазақстан құрамасы Грекиядан футболдан жеңілгеннен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында пост жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Ол Қазақстандағы футболдың өлгенін айтты.

"Жаңа ғана Қазақстандағы футбол өлді! Егер сегіз жыл бұрын біреу мені тыңдағанда, қазір мынадай ұят болмайтын еді. Бізді бүкіл әлемнің алдында жер қылды! Мұның бәрі елдің имиджі үшін деп алдап келді. Бірақ бұл нағыз ұрлық. Мен айтқандай істемейінше, біздің футболдың болашағы жоқ. Ояныңдар, ғажайып тек ертегіде болады! Айтпақшы, енді Қазақстанда грек салатын жеуге ресми түрде тыйым салынады! Жеуші болмаңыздар", – деп жазды Қуат Хамитов.

Жүктелуде...