Алматыда 3 жасар қыз 3 күннен бері іздестіріліп жатыр

Қыз баланы іздеуге тікұшақ жұмылдырылды

Фото: ПД

Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыз 3 күннен бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы. 

Іздестіру әлі нәтиже бермеді.

"Қыз әлі табылған жоқ, оны іздеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, баланы іздеуге "Қазавиақұтқару" тікұшағы жеткізілген. Іздеу орнында жедел штаб құрылды.

"Іздеу жұмыстарына 300-ге жуық адам және 80-ге жуық техника, 4 пилотсыз ұшу аппараты, аңшылық шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, еріктілер, сондай-ақ "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Іздестіру орнында үзіліссіз байланысты қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайларды жою командалық-штабтық автокөлігі орналастырылып, жұмыс істейді. Іздеу жалғасып жатыр.

Жүктелуде...