ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш қаңтар оқиғасы бойынша 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Оның сөзінше, үкім 26 ақпанда шыққан.
"26 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды", - деп жазды Бапи.
Айта кетейік, Самат Әбіштің үстінен Қылмыстық кодексі 362-бабы 4-бөлігі бойынша ("Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану") қылмыстық іс қозғалған болатын.