Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Самат Әбішке қатысты тергеу аяқталды

Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Самат Әбішке қатысты тергеу аяқталды
фото: halyq uni

Экс-президент Н.Назарбаевтың жиені Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты іс сотқа жолданған.

«Самат Әбішке қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда іс сотқа жіберілді. Істің эпизодтарын нақты айта алмаймыз»,- делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, мұның алдында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдалану дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.