Ауыл мұғалімі әлемдік жұлдызға бит жазыпты

27 жастағы битмейкер қазақстандық әртістермен де, шетелдік әртістермен де жұмыс істеп үлгерген

Фото: Массагет

Қазақстандық музыкант әлемдік жұлдыз, әнші Дуа Липамен (Duа Lipa) бірлесіп жұмыс істеді, - деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Ерқанат Ерғазыұлы Абай облысы Қарауыл ауылында биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 27 жастағы битмейкер қазақстандық әртістермен де, шетелдік әртістермен де жұмыс істеп үлгерген. Жақында оның Дуа Липамен бірлесіп жұмыс істейтіні белгілі болды. Әншінің альбомы 3 мамырда шығады, қазақстандық музыкант шығармаларының бірінде жұмыс істеген.

Жүктелуде...