Жекенің мүлкіне қол сұғып, ұрлық жасау. Жалпы қылмыскерлер бойынша Халық үні арнасында бағдарлама жүргізуші Нұргүл Қарағойшинамен бірге арнайы мамандармен ой қозғалған болатын,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Мекемтас Қажмұхан және ҚР Бас Прокурорының көмекшісі Ерлан Алмасұлы өз ойларымен бөлісті.
2023 жылы сот жүйесіне келіп түскен мәліметтерге сәйкес ұрлық 28 % құрап отыр, 9267 іс тіркелген.
-Қазіргі кезде Астана қаласында ұрлық жиелеген. Мысалы, сотталушылардың көбі 50-ге жуық адамның арасындағының жартысы 60,70 жастан асқан кісілердің мүліктерін ұрлаған. Олар үлкен кісілердің сеніміне кіріп, тұрмыстық затпен яғни судың фильтрін айырбастап, тегін қойып беремін дейді. Солай бірнеше күн үйінде жүріп, іске кіріседі. Ақшаларын, үйдегі тұрмыстық заттарды жайлап, жымқыра бастайды. Тегін жасап берем , тегін зат дегендерге сене бермегендеріңіз абзал,-деді Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Мекемтас Қажмұхан.
Ал, бұл тақырып бойынша Бас прокурор не айтады екен?
- Бүгінгі таңда 2023 жылы 140 мың қылмыстың ішінде 42 мыңы ұрлық,44 алаяқ қылмыстар. Бұл жағдайды азайту мақсатында бас прокуратурамен көптеген құзырлы органдар жұмылдыруда. Тосқауыл жол картасы 2017 жылы әзірлеген болатын. Көптеген іс-шаралар осы жол картаға енкізілді. Тұрғын үйлердің бәріне бейнебақылау камералары орнатылатын болады,- деді ҚР Бас Прокурорының көмекшісі Ерлан Алмасұлы.